Saturday, 23 November,2024

Мәдина Ералиева Болат Назарбаевты ұнатты – Қалдыбек Құрманәлі

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ералиева мен  Болат Назарбаевтың арасындағы ел естімеген құпиямен бөлісті. Ол бұл туралы «Сұрауы бар» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Бір жерде ғана қолдамадым, оның Болат Назарбаевқа қосылғанын қолдаған жоқпын. Бір күні телефон шалып, күйеуге шығатынын айтып еді, күлдім. Бала туатындай жағдайда емес қой. Жалғыздықтан шаршаған шығар деп ойладым. Ет асатынын айтып, кешке үйіне келуімді сұрады. Топырлаған адам, барып тілек айтамыз ба десем, екі адам ғана отыр. Қарны қампиған, мұрны қызылдау, сары адам. Әпкем дастархан дайындап жүр. Таныстырды. «Аты Болат» деді. Танымайтын адаммен не сөйлесесің. Мінезі ауырлау екен. Бірер сұрақ қойып едім, жауап бермеді, - деді композитор.

Оның айтуынша, атақты әнші Болат Назарбаевты ұнатқан екен.

“Әпкем «Күліп, әзілдеп отырайықшы» деп өтінді. Сол күні шамам жеткенше әзіл айтып, өлең оқыдым, бетіне қан жүгіргендей болды. Бір жолыққанда «қолдамаймын» деп айттым. «Сізге күйеу не керек? Атақты әншісіз, халық жақсы көреді, концерт беріп жатырсыз, даңғарадай үйіңіз бар, балаңыз бар» дедім. Болат Назарбаев аяқ-қолын байлап алған жоқ қой. Сөйтсем, өзі ұнатып шыққан. Еркін жүргенін қаладым. Ана жаққа барып, тотықұс сияқты шыға алмай қала ма деп қорықтым”, - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Ұсынылатын