“Маған айғыр керек”. Ақбота-нұр болашақ жарынан не күтетінін айтты
Uaqyt.info

Танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет ел арасында үнемі қызу талқыда болатын мәһір мәселесіне пікір білдіремін деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Айта кетейік, Ақбота-нұр актер Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі. Одан бір баласы бар. Алайда соған қарамастан әнші екінші рет тұрмысқа шығудан үміті бар. Тіпті ол болашақ жарынан мәһірге не сұрайтынын да ойластырып қойған секілді. Жұрттың қыздары ұқсап ол “көлік”, “үй” демей, елді елең еткізетін дүние сұрайтынын айтты.
“Басқа қыздар секілді үй, көлік сұрағым келмейді. Ана артта тұр ғой айғыр, сондай жылқы сұрар едім”, - деді әнші.