Sunday, 8 September,2024

Маған басқа аймақтың проблемасы керек емес – депутат

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев “Мархабат" бағдарламасына берген сұхбатында қандай жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Депуттар арасында бөлекпін деп мақтанып қалайын. Менде жеке мандат. Бұл жерде мен фракцияға тіркелмегенмін. Мені Астана сайлады. Сарыарқа мен Есіл ауданы сайлады. Кейде маған бүкіл Қазақстанның проблемасы келіп жатады. Бірақ түптеп келгенде маған басқа аймақтың проблемасы керек емес. Өйткені менің сайлаушыларым Астанада отыр. Сөздің ашығына келгенде мен сол Сарыарқа мен Есіл ауданының проблемасын шешуім керек. Бірақ Қазақстанның проблемасы бүкіл халықтың проблемасы болғаннан кейін шамам келгенше көмектесуге тырысамын", - деді Дәулет Мұқаев.

Ұсынылатын