Saturday, 23 November,2024

“Маған ең қымбат бриллиант тағасың”. Жұлдызай Дүйсенбиева құдағиына талап қойды

Uaqyt.info
Фото

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаштың қызына сырға салды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұппен құдағи болды

Актрисаның қайнысы мен Қуаныш пен Қарлығаштың қызы екі әулетті туыс қылды. Күні кеше жігіт жақ болашақ келінге сырға салып кетті.

“Біз қанша жыл дос болдық, енді құдағи болдық. Қуаныш пен Қарлығаштың қызына алдын ала дәстүр бойынша сырға салып, иелік жасап кеттік. Құтты болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын! Құдалықта маған күшті, ең қымбат бриллиант тақ, жарайды ма?”, – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, құда-құдағиларға құтты болсын айтып жатыр.

Ұсынылатын