Monday, 16 September,2024

“Маған қылмыскерлердің бәрі бірдей”. Ахметжанов Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі туралы айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Арман Жұмагелдиевтің сенімді серіктерінің бірі Нұржан Иманәлиевті танымайтынын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Министр Үкіметтің кулуарында “Нойс” лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев туралы журналистердің сұрағына жауап берді. Ол Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуін танымайтынын айтты.

«Қателескен болармын, мен оны білмеймін. Ресми түрде сұрау жіберіңіз. Иманалиев деген фамилия маған ештеңе айтпайды. Мен оның кім екенін де білмей тұрмын. Ол сіздерге танымал шығар. Маған қылмыскерлердің бәрі бірдей», – деді Марат Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Ішкі істер министрлігі Дикий Арманның қылмыстық тобының 80-нен астам мүшесі ұсталғанын хабарлаған болатын. Әзірге оны арасында Нұржан Иманәлиевтің бар-жоғы белгісіз.

Ұсынылатын