Sunday, 24 November,2024

Мәйітін дәретханаға лақтырып жіберген: Семейлік тұрғын күтушіге қалдырған 4 жасар баласынан айырылып қалды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Семейде күтушіге қалдырған 4 жастағы бала көз жұмды. Тіпті бұл жағдайдың ізін жасыру үшін әлгі жалдамалы "няняның" күйеуі мәйітті дәретханаға лақтырып жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы НеМолчи қоры жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, оқиға қыркүйек айының басында болған.

"Анасы 4 жастағы баласын күтушіге қалдырған. Қайта үйге келгенінде баласын таба алмайды. Ал жалдамалы күтуші болса жағдайды баяндаудан қашқақтаған. Ақырында жаөспірімнің қайтыс болғаны анықталды. Тіпті өлімнің ізін жасыру үшін кұтушінің күйеуі мәйітті сөмкеге салып, тас жолдағы дәрітханаға лақтырып жіберген", - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабымен іс қозғалыпты.

Ұсынылатын