Saturday, 23 November,2024

Мәйітханадан шыққан ащы үн, Қамшыбек Көлбаевты жоқтау: Қырғызстанда атышулы авторитетті өлтірді

Алмас Абылай
Фото

Атышулы қылмыскер Қамшыбек Көлбаев өлтірілді. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Кактус жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, Бішкектегі мейрамханалардың бірінде Қамшыбек Көлбаев құзырлы органға бағынғысы келмей, оқ боратқан. Артынша бұл жағдай атысқа ұласыпты. Нәтижесінде қылмыс әлемінің серкесі моргтен бірақ шыққан.

Бейнежазбада авторитеттің жақындары жылаған дауысты естисіз.

Көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитеті криминалды авторитеттің өлімін растады.

Айта кетейік, Қамшыбек Көлбаев Қырғызстандағы ең ірі авторитеттердің бірі. Ол тіпті әлемдік есірткі бизнесінде салмағы бар серкелердің қатарынан болғаны да айтылған.

Қазіргі уақытта қылмыс әлемі авторитетінің үстінен бірнеше бап бойынша іс жүргізілуде. Яғни ұйымдасқан қылмыстық топ құру, адам өлтіруге оқталу, заңсыз қару-жарақ тасымалы.

Ұсынылатын