Майқайыңдағы апат: Іздестіру жұмыстары тоқтатылды
Ашық карьерге түсіп кеткен автобусты іздестіру жұмыстары топырақтың опырылуы салдарынан тоқтатылды. Жер астында жатқан екі адам әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Онда іздеу жұмыстарының тоқтатылғаны туралы айтылған.
“Апатты жою басшысының орынбасары – КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылар мен экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты, жүргізіліп жатқан жұмысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты "Майқайыңалтын" АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылады”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Майқайыңдағы апаттан екі адам қаза тапқан болатын