Saturday, 23 November,2024

Майқайыңдағы апат: жер астында жатқан екі адам әлі табылмады

Uaqyt.info
Фото

"Майқайың-алтын" кенішіндегі апаттың болғанына 18 күн өтті. Содан бері құтқару жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр. Жер астына түсіп кеткен автобус пен екі адам әлі күнге табылған жоқ. Олардың не өлі не тірі екені де белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір апат болған жерде 147 адам, 45 техника, үш кинолог және екі ұшқышсыз ұшу аппараты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, екі экскаватордың көмегімен тік және көлденең сақтандыру, жүргізушісі бар екінші шағын габаритті экскаватор түсірілді. Ол автобус жүретін жерден ірі габаритті тастарды алып жатыр", – деді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 4 қаңтарда "Майқайың-алтын" шахтасының маңында автобус жер астына құлаған болатын. Соның салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы екі қызметкер әлі іздестіріліп жатыр.

Ұсынылатын