Friday, 18 October,2024

Малайзияда ұшақ апатқа ұшырады: Адамдар түгелдей қаза тапқан

Алмас Абылай
Фото Анадолы

Малайзияда жеке ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан борттағы 10 адамда көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Анадолы агенттігі дерегіне сүйенсек, әуе кемесі елдің Лангкави халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Шам Алам қаласының маңында апатқа ұшыраған. Салдарынан 6 жолаушымен 2 экипаж мүшесі, сонымен қатар ұшақ құлаған елді мекеннің 2 тұрғыны қаза тапты.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 14:08-де болған. Ұшақ Куала-Лумпурдегі Сұлтан Абдульазиз әуежайына бағыт алған.

Ұсынылатын