Малдарға обал болды: Түркістан облысында 10 тонна шөп өртенді
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото ашық дереккөзден
                         Фото ашық дереккөзден
                                                        Түркістан облысында қоймада тұрған 10 тонна шөп түгі қалмай жанып кетті. Оқиға Сайрам ауданындағы Арыс ауылында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ТЖД мәліметінше, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мамандардың айтуынша, шамамен 10 тоннаға жуық шөп түгі қалмай жанып кеткен. 75 шаршы метрді шарпыған өртті сөндіруге 14 жеке құрам адамы мен 4 ТЖД техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


