“Малдың қасында өскен”. Көрерменге зекіген Дариға Бадықова сынға қалды
Uaqyt.info

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова көрермендердің біріне зекіп сөйлеймін деп сынға қалды. Желі қолданушылары “Айсараны” жерден алып, жерге салып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Өзінің жақында ғана шыққан тырнақ алды туындысын ел аралап, насихаттап жүрген Дариға Бадықова кинотетрлардың бірінде жаман жағынан көзге түсіп қалды. Ол көрермендердің біріне "Өтсеңізші, неғып тұрсыз" деп зекіп қалады. Ғаламторда тараған видеоны желі қолданушылары қатты сынап жатыр.