Маңғыстау облысында екі жасар бала дәретхана шұңқырына түсіп кетті
Uaqyt.info
Фото видеодан кадр
Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында кішкентай бала дәретхана шұңқырына құлап кетті. Періштесі қаққан бала аман, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 31 наурызда болған. Үлкендердің қарауынсыз қалған бала даладағы дәретхана тесіген құлап кеткен.
«Кеше күндіз сағат 13:12 кезінде Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылына шұғыл шақырту келіп түсті. Ауылдағы 2 орамда орналасқан үйдің ауласында орналасқан дәретхананың ішіне 2 жасар қыз-бала түсіп кеткені бойынша ақпарат хабарланды. Алайда шақырылған жерге жеткенге дейін, өз күштерімен құтқарылғаны белгілі болды», — деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.