Saturday, 23 November,2024

Маңғыстау облысында оқушыларды таяқпен оқытқан мұғалім қызметінен кетті

Uaqyt.info
Фото

Маңғыстау облысында балаларды тезге таяқпен салмақ болған мұғалім жұмысынан босатылды. Айта кетейік, оқушыларды таяқпен ұрған ұстаздың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ол – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Ұстазға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес "қатаң сөгіс" тәртіптік шарасы тағайындалды. Педагог 17 қаңтарда жұмыстан босатылды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұсынылатын