Friday, 22 November,2024

Маңғыстау облысында қырылған аққу саны мыңға жуықтады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысындағы қырылған аққу саны 1000-ға жуықтады. Құстардың өлексесі енді Қаракөл көлінен бөлек, өзге аудандардағы теңіз жағалауынан табылып жатыр. Мәселен Қарақия ауданындағы Құрық ауылынан 20 аққудың өлексесі анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info. ktk-ға сілтеме жасап.

Қарақия ауданында өлген аққуларды зерттеу мақсатында Маңғыстау облыстық зертхана-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Каспий теңізінен сынама алды.

Экологтар суда ластаушы заттардың бар немесе жоқ екенін анықтауы тиіс. Себебі теңізге тұрмыстық қатты қалдық, қоқыс немесе мұнай-химия заттары төгілсе, ол тек құс емес, басқа да су жануарларының қырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Табиғат қорғаушылар аққулардың қырылу дерегі Қарақиядан бөлек Түпқараған ауданының теңіз жағалауында кездесуі мүмкін дейді. Сондықтан ветеринарлар күніне екі рет жағалауда бақылау жүргізуде.

Аққу өлекселерін өртеп жатыр. Себебі құс тұмауы үй құстарына жұғуы мүмкін деген күдік бар. Тіпті тұрғындарға теңіз жағасына келуге тыйым салынуда.

“Құрық ауылының теңіз жағалауында табылған құстар, сонымен бірге Түпқараған ауданының теңіз жағалауында шығуы мүмкін. Басқа жерден де шығуы мүмкін. Егер ондай болса, жергілікті атқарушы орган ветериналарына хабарланып, тиісті орындарға ветеринария талалабына сәйкес жойылу керек”, -  деді Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының инспекторы Мұңалбай Сансызбаев.

Ұсынылатын