Маңғыстау облысында жарылыс болды
Құрмантай Жантелі

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында газ құбырынан ақау шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.
“18.03.2024 жылы шамамен сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт жарылуы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр”, - делінген хабарламада.