Маңғыстауда ерекше шар тастарды ұрлағандар жауапқа тартылатын болды
Маңғыстаудың Торыш жеріндегі шар тастарды ұрлағандар заңмен жазаланатын болды. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Желіде Маңғыстау ауданы аумағындағы көрнекті орындардың бірі Торыш жеріндегі шар тастарды жеке тұлғалардың көлікке тиеп жатқаны туралы жазба тарады. Бұл жағдай аудандық ішкі істер бөліміне хабарланды. Құзырлы органның қорытындысымен анықталған тұлғалар ҚР-ның қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Нақты ақпараттар белгілі болғасын жария етіледі. Табиғи құндылықтарға қиянат жасамайық! Өз жерімізге құрметпен қарауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде ауыр жүк көліктердің шар тастарды тасымалдап жатқан видеосы қоғамда резонанс туғызған болатын.