Friday, 22 November,2024

Маңғыстауда жаңа туылған сәбиді сатқан: Күдікті 35 жастағы тұрғын

Алмас Абылай
Фото Polisia.kz

Маңғыстаулық полицейлер жаңа туылған нәрестені саудалау фактісін анықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Дерекке сүйенсек, 4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстаған.

"Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, осы дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Ұсынылатын