Sunday, 28 April,2024

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Мұнайлы ауданындағы «Южный» автожолында көліктердің соқтығысуынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға 24 наурызда болды. Қазіргі уақытта кісі өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Kia» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lexus» көлігіне соғылды. Жол апатының салдарынан «Kia» көлігінің екі жолаушысы мерт болды», - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын