Маңғыстауда жарылыстан бір адам мерт болды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жер үйде газ жарылып, соның салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
""ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне оқиға туралы ТЖ қызметінің қызметкері хабарлады. Апат орнына келген бригада жеке үйде қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады. Оқиға туралы аудан әкімдігі мен полицияға хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, газ ауаға таралған. Бұған дейін аталған үйге РҚКО осы жабдықты ауыстыру туралы ескерту берген болатын. Алайда үй иелері бұл ескертуді елемеді. Жазатайым оқиғаның себептері сараптама нәтижелері бойынша анықталатын болады", - деп хабарлайды ТЖД бспасөз қызметі.