- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Маңғыстаудағы полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкерлерін ұрып-соқты делінген бейнежазба тарады
Маңғыстаудағы полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкерлерін ұрып-соқты делінген бейнежазба тарады
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Маңғыстау облысы Полиция департаменті криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкерлерді ұрып-соқты делінген бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода бір кабинет ішінде бірнеше ер адамның отырғанын байқайсыз. Арада олардың бірі орнынан тұрып, қарсы беттегі азаматтың басынан төпелей бастайды. Мұның арты абыр-сабыр ажыратуға ұласады.
"Маңғыстау облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Дарибаев Шынболат қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйретудің орнына оларды ұрып-соғуда", - деп жазылған бейнежазбаға.
Әзірге бұл жағдайдың қашан болғаны белгісіз.