Sunday, 24 November,2024

Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу қалдырған директор қызметінен кетті

Uaqyt.info
Фото

Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу жазған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева мәлімдеді. Оның айтуынша, Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу жазып, кейін кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев өз еркімен жұмысынан кеткен.

«Манас Көшербаев қалаға келген соң кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адамға тәртіптік жаза қарастырылмады»,- деді Гүлжайна Бисенғалиева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Манат Көшербаевтың әрекеті қызу талқлынаған болатын. Кейіннен ол бұл әрекеті үшін халықтан кешірім сұраған еді.

«Мен Көшербаев Манас Маратұлы 24 тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді. Ыбықты сай – Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Аса қатты сөкпеңіздерші! Тарихи жерге қылдай қиянат қылу ойымда да болмады. Барша отандастарымнан, Маңғыстау жұртынан басымды иіп кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер»,- деп кешірім сұраған еді ол.

Ұсынылатын