Saturday, 23 November,2024

Мақпал Жүнісова кіммен соттаспақшы?!

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде өзі туралы жалған ақпарат таратқан Youtube-тегі “Біліп жүр” арнасын сотқа бермек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өнер иесінің айтуынша, әлеуметтік желіде олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовпен әншінің көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған. Әнші өзіне жала жапқандарды аямайтындарын жеткізді.

 "Осындай неше түрлі тақырып жазып, менің намысымды таптап жүрген бетсіздерге жақын арада арыз жазамын. 50 миллионға дейін айыппұл төлетіп, сол ақшаны қиналған жандарға беремін. Алла осылай жазып ютубқа салған айуанның жазасын берсін. Ермахан бауырым, мынаны салғандарды тауып, сазайын бірге берейік!", – деп жазды әнші.

Ұсынылатын