- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Мақпалға үйленемін деген жоқ”. Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуі жайында
“Мақпалға үйленемін деген жоқ”. Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуі жайында
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің не себепті отбасын тастап, басқа әйелге кеткенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Нұрбике Нұрқаділова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуінің Мақпалға үйленетін кезде ешкімнен рұқсат сұрамағанына тоқталған. Керісінше кетем деген еркектің алдынан өзім өтіп, шығарып салдым дейді.
“Ол кісі менен рұқсат сұраған жоқ. “Алайын, алуыма болады ма?” деген жоқ. Керісінше мен ол кісінің алдынан өттім. "Ақыры кетеді екенсің, екі үйді ортасында жүрме" дедім. Екі баласымен мені не үшін тастап кеткенін білмеймін. Бірақ, Мақпал екеуінің махаббаты есепке құрылған махаббат”, - деді Нұрбике Нұрқаділова.
Uaqyt.info бұған дейін Нұрбике Нұрқаділованың Мақпал Жүнісоваға не үшін өкіпелі екенін жазған болатын.