Марк Цукерберг Илон Маскпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг Илон Маскпен жекпе-жектен бас тартқан. Сөзінше қарсыласы бұл әңгімеге бей-жай қарап жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
The Guardiаn дерегіне сүйенсек, Марк Цукерберг қарсыласының айқасқа шынайы қарамай отырғанына тоқталған. Яғни бұған дейін технологиялық миллиардерлер маусым айында жекпе-жек өткізуге келіскен еді. Алдымен Маск Twitter-де Цукербергпен «айқасқа дайын екенін» жазды. Кейін Цукерберг бұл шақыруды қабыл алып, кездесу өтетін орынды белгілеуді сұраған.
Алайда, жексенбі, 13 тамызда Цукерберг Масктың өз сөзіне "бей-жай қарап отырғанын" мәлімдеді.
"Мен нақты датаны белгіледім. Тіпті Дана Уайт жекпе-жекті қайырымдылық мақсатта өткізуді ұсынды. Бірақ Илон бұл хабарландыруға шынайы қарамай отыр. Ұсынылған күнге қатысты жақ ашпады. Демек ол дайын емес. Егер келісіп жатса менімен қалай байланысу керегін беледі. Ал маған алға жылжу керек",- дейді Цугерберг.
Айта кетейік, бұған дейін миллиардерлер бір-бірімен октогонда кездесуге дайын екендіктерін хабарлаған еді.