Wednesday, 27 November,2024

Мароккада зілзаладан 300-ге жуық адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мороккада жер сілкініп 300-ге жуық адам қаза тапты. Жер асты дүмпуінің қуаты 6,9 бал болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайты жазды. Табиғи апат 8 қыркүйекте сағат түнгі 23:11 шамасында болған. 6,9 балдық жер сілкінісі Марракеш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орын алды. Соның салдарынан 300-ге жуық адам көз жұмып, 100-ден астам адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Ұсынылатын