Марқұм Болат Назарбаевтың тоқалы желіде жазба қалдырды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Болат Назарбаевтың тоқалы болған Динара Әлжан әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуі туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннәттә болсын”, - деп жазды Динара Әлжан.
Айта кетейік, Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында көз жұмды. Марқұмның жаназасы ертең Қаскелең қаласында өтеді.