Мас күйде көлік тізгіндеген мектеп директоры жұмыстан кетті
Алмас Абылай

Павлодар облысындағы мектеп директоры қызметтен кетті. Ол ішіп алып көлік тізгіндеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Pavlodarnews.kz-тің жазуынша Павлодар қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотта мас күйде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралған. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Іс материалдарына сәйкес Павлодар ауданындағы мектеп директоры мас күйде көлік айдаған.