Мәсімов жазасын қатаң режимде өтейді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов жазасын қатаң режимде өтейді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.
«Мәсімов жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда (қатаң режим) өтейді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мәсімовке сот жазасы 24 сәуірде шыққан еді. Сот оны 18 жылға бас бостандығынан айырды.