Мәсімовтің адвокаты сотқа шағым түсірді
10 жылға сотталған Павлодар полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша адвокаты Дмитрий Куряченко апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қорғаушы үкімді заңсыз және негізсіз деп санайды. Оның пікірінше, судья күдікті Евгений Евковичтен қосымша жауап алудың хаттамасы мен бейнежазбасын дәлелдемелерден заңсыз алып тастаған.
Sputnik-тің жазуынша, адвокат сотқа дейінгі тергеу мен сот ісіне наразылығын білдірді. Оның айтуынша, қылмыстық істі тіркеуге жалған мәліметтерге негізделген мамандардың қорытындылары негіз болды, олар қасақана екі, тіпті үш есе төмендетіліп, ұрлық сомасын әдейі асыра сілтеді, деп санайды адвокат.
Сонымен қатар қорғаушының пікірінше, судья зерттеуге заңсыз алынған дәлелдемелерді жіберді, өйткені Мәсімов сотталған үй және жөндеу түріндегі пара алу туралы іс жоқ және ақпаратты есепке алу кітабында және сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелмеген.
Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов орта қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл жазасын өтейді. Ал Дамир Сиразидимов - 8 жыл, Евгений Евкович - 7 жылға сотталды.