Friday, 22 November,2024

Мәсімовтің жазасын өтеу мекемесінің түрі өзгерді

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгерді. Аппеляциялық сот оның және орынбасарларының жазасын өтеу мекемесін жеңілдеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Апелляциялық сот шешімімен  К.Мәсімовке, А.Садықұловқа және Д.Ерғожинге қатысты жазаны өтеу мекемесінің түрі өзгертіледі. Бұл туралы Астана қалалық соты жазды.

"Апелляциялық сот шешімімен К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты бірінші сатыдағы соттың жазаны ең жоғары мекемеден орташа қауіпсіздікке өтеу үшін мекеменің түрі бөлігінде үкімін өзгертті", - делінген ақпаратта.

Қалған жаза күшінде қалды.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Садықұлов 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал тағы бір орынбасары Ерғожин 15 жылға қамалды.

Ұсынылатын