Friday, 22 November,2024

"Масқара..." Алматыда шетел азаматын әуежайдан үйге жеткізген таксист 40 мың теңге сұраған

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматыға келген шетел азаматын әуежайдан алып шыққан таксисит діттеген жерге жеткенде 40 мың теңге сұраған. Оның бұл пиғылы жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Такси жүргізушісінің әрекеті әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада ер адам шетел азаматын әуежайдан отырғызғанын айтады. Бірақ қала сыртына шықпаған, Наурызбай ауданындағы мекен жайға жеткізген. Осы қызметі үшін ол 40 мың теңге сұрапты.

"Таңғы сағат 6:30-да Үндістаннан келген қонағымызды үйге жеткізген таксист 40 мың теңге сұрап тұр. Өзге такси қызметтерін қарап салыстырған едік «бизнес» санаттың өзі 6 мың теңгеге шығып тұр. Бұл не деген ұятсыздық" - деп күйінеді бейнежазба авторы.

Желі қолданушылары да такси жүргізушісінің әрекетін сынға алған. Басым бөлігі полицияға хабарлап, орнына қою керегін жазуда.

"Масқара, ұят жағдай". "Мұндай такси қызметкерлерін жауапкершілікке тарту керек". "Алаяқтық қой мынау, ақша бопсалау". "Астанадан ұшақпен 20 мыңға ұшып келесің, мынау не деген баға бір қаланың ішінде жүріп", - деген пікірлерін қалдырған желідегі жұрт.

Ұсынылатын