- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- "Масқара". Ауызашарда жұлқынып билеген Тұрсынбектің әйелін жұрт сынға алды
"Масқара". Ауызашарда жұлқынып билеген Тұрсынбектің әйелін жұрт сынға алды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ауызашар соңын сауық кешіне айналдырды. Жұлқына билеген Мөлдір Мұқанованы жұрт сынап жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода белгілі әнші Қарақат Әбілдина туған күнімен орайластырып үйінде ауызашар бергені жазылған. Бірақ бұл дастарханның соңы сауық кешке ұласты.
Желідегі жұрт өнер адамдарының бұл әрекетін қатты сынға алуда. Тіпті ауызашар деп шақырып, соңын жынойнаққа айналдырып жіберген деп пікір жазуда.
"Ауызашар жынойнаққа ауысып кеткендей". "Масқара, ұят қой мынау". "Осыларға қой дейтін адам табылмады ма". "Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді". "Оразада бұлай жұлқынғаны несі, сәл күте тұруға болмас па еді", - деген ашулы жазбаларын жазуда желідегі жұрт.