Saturday, 23 November,2024

"Масқара". Қоғамдық орында сүйіскен сылқымдар жұрт ашуына тиді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте сүйіскен екі қыздың бейнежазбасы қызу талқылануда. Тіпті қоғамдық орында бұлайша жабысқан сылқымдарды сынға алғандар көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан екі қыздың құшақтасып, сүйісіп отырғанын байқайсыз. Тіпті бейнежазбаға түсірген адамға ортан саусағын шошайтып, жақтырмай қарайды.

Десе де, қоғамдық орында жабысқан сылқымдарды сынға алғандар өте көп. Басым бөлігі ашулы жазбаларын қалдыруда.

"Масқара. Неге айыппұл салмайды". "Қазақ қыздарының жабысып отырғаны дұрыс па енді". "Сол жерде бастарын жару керек еді ғой". "Не деген сұмдық, ұятсыз. Ұлт атына кір келтіріп", - деген пікірлерін жазуда желідегі жұрт.

Әзірге бұл жағдайдың қайда болғаны белгісіз.

Ұсынылатын