Tuesday, 14 May,2024

"Масқара, тілі қандай жаман..." Баланы балдағымен ұрған әженің әрекеті жұртты шошытты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Жасөспірімді балдағымен ұрып, боғауыз сөзбен ұрысқан әженің әрекеті қызу талқылануда. Тіпті жұрт қатты сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қарт кісінің кішкентай балаға ұрсып тұрғанын көресіз. Тіпті арасында балдағымен нұқып, боқтап та алады. Сондағысы жасөспірімді тәртіпке салу, далаға қуып шығару.

Десе де, әжейдің әрекетін желідегі жұрт сынға алған. Басым бөлігі ашулы пікірлерін қалдыруда.

"Апа баланың есінде құбыжық болып есте қалатын шығар". "Масқара, тілі қалай жаман". "Әже емес жалмауыз". "Мына кісіге емделу керек". "Құдай сақтасын бұндай қариядан, жүрегім аурып кетті", - деген жазбаларын жазуда.

Әзірге бұл жағдайдың қайда болғаны белгісіз.

Ескерту: Видеода былапыт сөздер бар!

Ұсынылатын