Saturday, 23 November,2024

“Махабатта жолым болмады”. Наркенже Серікбаеваға көз тиген бе?

Uaqyt.info
Фото

Танымал әнші Наркенже Серікбаева жеке өміріндегі сәтсіздіктер туралы сөз қозғады. Ол бұл туралы "Пікір Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Наркенженің өмірде махаббатта жолы болмаған адам дейсің. Оны жасырып не істеймін? Бар нәрсе ғой. Қанша Меккеге барып келсем де, Құдайдан тілеп жатырмын. Алладан күдер үзбеймін. Алла бермесе, мен тартып ала алмаймын. Ер-азамат жағынан махаббат болмаса да, халықтың махаббаты шексіз. Бір тойда арқамнан қағып, құлағыма айтып кетеді. Аллаға еш ренішім жоқ. Шүкіршілігім көп, күпірлігім жоқ. ", - деді Наркенже Серікбаева.

Айта кетейік, дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы бір жыл бұрын өмірден өткен болатын.

Ұсынылатын