Sunday, 24 November,2024

Махаббат па, мақтаныш па? Шымкентте жасөспірім қыз үшін ата-ананысын аттап, үйден кетіп қалған

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Шымкентте бір түн ішінде 6 жасөспірім отбасына аман-есен табысталған. Бәрі дерлік ата-ана тиымына ренжіп үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция дерегіне сүйенсек, олардың бәрі 15 және 16 жастағы жасөспірімдер. Тәртіп сақшылары өтпелі кезеңдегі екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақыт ішінде аман-есен үйіне жеткізген.

Мәселен, жігіттердің бірі ғашық болғанын, бірақ анасы оған қызбен кездесуге тыйым салғанын айтыпты. Тағы бір бойжеткен бұл әрекетін ата-анасынан бөлек тұрғысы келетінімен түсіндірсе, енді бірі достарына кешке дейін сыртта жүруге рұқсат етілгенімен, іс жүзінде оған рұқсат жоқ деп шағымданды.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Жеткіншектердің ата-аналары полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс атқарып, өзгенің басына түскен іске немқұрайлы қарамағаны үшін шынайы алғыс білдірді.

Ұсынылатын