Saturday, 23 November,2024

Махаббат жасқа қарамайды: Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әже шаңырақ көтерді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Otyrar.kz хабарлауынша, 72 жастағы Найля Нұриева ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан. Оларға орталықтан жеке бөлме де берілген.

 "Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз салды, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар", - дейді Найля Нұриева.

Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар екен. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар, компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.

"Осы қарттарымыздың жағдайын жасау мақсатында Шымкент қаласында 3 белсенді орталық ашылған. Ол жерде мықты дәрігерлер, қызметкерлер осы біздің қарияларымызға қызмет көрсетеді", - дейді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Ұсынылатын