Sunday, 28 April,2024

Махачкалада жанармай бекеті жарылды: 27 адам көз жұмып, 70-тен аса жан зардап шекті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Дағыстанда жойқын жарылыс. Салдарынан 27 адам көз жұмған. Оның үшеуі кәмелет жасына толмаған бала, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ресейлік Telegram-арналарындағы дерекке сүйенсек, Махачкаладағы жанармай құю станциясындағы жойқын жарылыстан қаза болғандар саны 27 адамға жеткен. Оның үшеуі бала. Сонымен қатар 75 жан жарақат алғандар қатарында.

Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликовтың айтуынша, жанармай құю бекетіндегі жарылыс жергілікті уақыт бойынша 21:40-та (Астана уақыты бойынша 00:40) болған.

Лаулаған от қазіргі уақытта сөндірілді. Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігі аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Ұсынылатын