Мәжіліс депутаты атанған Руслан Қожасбаев антты шатасып әрең оқыды
Алмас Абылай
Фото facebook.com
Парламент Мәжілісінің депутаты болған Руслан Қожасбаев ант беру рәсімінде қатты қиналды. Оның ежіктеп тұрған сәтін жұрт қызу талқылауда деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мәжілісмен бір мандатты округтер бойынша Жетісу облысынан сайлауға түскен еді. Бүгін ресми түрде халық алдында ант қабылдады. Бірақ Руслан Қожасбаев жатқа айтпақ түгілі жазулы тұрған антты дауыстап оқуға қиналды. Бейнежазбаны журналист Гүлбану Әниятқызы Facebook-тегі парақшасында жариялады.
"Айттым кеше, ең болмаса антты жаттап алып барыңыздар деп", - деген жазба қалдырған бейнежазбаға.
Мәжілісменнің шатасып оқыған антын сынға алған жұрт көп. Басым бөлігі бұл жағдайға «ұят» деген пікірлерін қалдырған.