Sunday, 8 December,2024

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қазақстаннан бөлінеміз деген топқа пікір білдірді

Алмас Абылай
Фото

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Солтүстік Қазақстан облысында ел ішінен егемендік аламыз деген топқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ол өз ойын Facebook-парақшасында айтты. Онда әріптестерімен бірлесіп Бас Пркокуратураға хат дайындағанына тоқталған.

"Осында Абзал Құспан бар, басқа да әріптестеріміздің атынан Бас Прокуратураға хат дайындадық. 1 сағатта жібереміз. Қазақстан – унитарлық мемлекет. Басты құндылығымыз елдің тұтастығы, тұрақтылығы. Үй ішінен ешкімге үй тігуге жолберілмейді. Арандатушылар міндетті түрде жазаларын алуы тиіс", - дейді мәжілісмен.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда бір топ азаматтың Қазақстаннан тәуелсіздік алатынын жариялағаны жазылды.

Ұсынылатын