Saturday, 23 November,2024

Мәжілістен депутат Ғалымжан Елеуов кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов өкілетін тоқтатты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін", - делінген хабарламада.

Ғалымжан Елеуов 1978 жылы 10 қазанда Ақтөбеде дүниеге келген. Ол 2023 жылдың наурызынан бастап Amanat партиясының партиялық тізімі бойынша депутат болды. Әзірге оның мәжілістен кетуіне не түрткі болғаны белгісіз.

Ұсынылатын