- Басты жаңалықтар
- Саясат
- "Мәжілістен не үшін кетуім керек". Жигули Дайрабаев істі болған ұлдары үшін депутаттық мандатты тапсырмайтынын мәлімдеді
"Мәжілістен не үшін кетуім керек". Жигули Дайрабаев істі болған ұлдары үшін депутаттық мандатты тапсырмайтынын мәлімдеді
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев сотты болған ұлдарының ісіне қатысты пікір білдірді. Тіпті екі баласын да кінәлі дегенмен келіспейтінін мәлімдеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Депутат бұл ойын мәжіліс қабырғасында айтты. Сөзінше екі ұлы да кінәлі емес.
"Балаларыма қатысты іс әлі де заңды күшіне енген жоқ. Мен екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Апелляцияға береді. Әрине, еліміздің сотына баға бере алмаймын. Дегенмен, екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Бұл жөнінде адвокаттардан да сұрасаңыздар болады", - деді депутат.
Сонымен қатар, ол ұлдарым істі болды екен деп депутаттық мандатын кері тапсырмайтынын да мәлімдеді.
"Біреу айтты екен деп кете қалатын жағдай жоқ. Бізге 700 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді. Алдағы уақытта "Ауыл" партиясы қолға алған бағдарламалар бар, атқаратын мәселелер бар. Парламент қабырғасында жүріп еңбек еткенімде халыққа көп пайдасы тиеді. Менің арым да, ұятым да таза. Өмірлік тәжірибем жеткілікті. Менің Қазақстан халқына пайдам тиеді деп ойлаймын», - дейді Жигули Дайбараев.
Еске салайық, бұған дейін мәжілісменнің 2 ұлына қатысты сот шешімі шыққанын жазған едік.