Saturday, 23 November,2024

Мейрамбек Бесбаев ауруханаға түсті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр берді. Әнші ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы "Revue News" бағдарламасы хабарлады. Онда Мейрамбек Бесбаевтың концерт кезінде денсаулығы сыр бергені туралы айтылады.

Ринат Зайытовтың шығармашылық кешінде өнер көрсеткен әншінің сахнаға шығуға санаулы уақыт қалғанда денсаулығы сыр берген.

Бірақ соған қарамастан ол дәрігерлерден жарты сағатқа сұранып, әнін орындап шыққан.

Әзірге әншінің нақты қай жер ауырғаны туралы ақпарат жоқ. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

Ұсынылатын