Friday, 22 November,2024

“Мейрамбекке қарғыс тиген”. Алтынбек Қоразбаев шәкіртіне қатысты ел естімеген құпияны ашты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев шәкірті Мейрамбек Бесбаевқа қатысты ел естімеген естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алтынбек Қоразбаев “Алғашқы” бағдарламасында айтты. Онда композитор осыдан 15 жыл бұрын қатты сырқаттанған шәкіртіне емші іздеп, әлекке түскенін жеткізді. Оның айтуынша, Мейрамбектің соңынан қыздар көп жүгірген, және оған көз тиген.

«Мейрамбекке кім ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды. Білесіздер ғой. Қатты ауырды. 80 келілік бала 20-25 келі салмақ тастады, Елдің бәрі анау ауру екен, мынау ауру екен деп, қай-қайдағыны айтты. Жоқ! Мейрамбекке көз тиген. Жасыратын ештеңе жоқ, қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғыс тиген», - деді Алтынбек Қоразбаев.

Қоразбаевтың айтуынша, Мейрамбекті емдеуге жапон мамандары да тартылған. Бірақ ондағы дәрігерлер әншіні емдеуден бас тартыпты.

«Ең алғаш менің қабылдауыма келіп, көріне бастады. Жапонияда ота жасатамыз деген шешімге бел буғанбыз. Сөйтіп, жапон мамандарымен үш ай бойы хат алмастым. Барлығын болды, келісіп, барлық анализін тапсырып, Жапонияға жақын арада кететін болып шешкен кезде, Мейрамбек туралы ақпарат жіберем ғой. Қазақстанда осындай әнші, атағы бар деп жазған кезде Жапония мамандар «бізге келмесін, ертең жауапкершілікті өз басымызға алуға қорқамыз» деп жазып жіберіпті. Емге алмай қойған да сәті болған», - деді Қоразбаев.

Ұсынылатын