Saturday, 18 May,2024

Мексикада туристер мінген автобус құздан құлап, 18 адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мексиканың Наярит штатында болған жантүршігерлік апаттан 11 әйел және жеті ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Хабар 24» хабарлауынша, түрлі дене жарақатын алған 33 жолаушы ауруханада Жатыр. Олардың арасында 11 бала бар. Оқиға Наярит штатындағы Компостела мекеніне жақын жерде болған. Тау ішінде келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, 15 метрлік құздан құлап түсті. Апаттың септері анықталып жатыр.

Ұсынылатын