Sunday, 24 November,2024

Мектеп медресе емес: Министр қанша оқушының хиджаб үшін мектепке бармай жүргенін айтты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджабын шешкісі келмеген қанша оқушының мектепке бармай қойғанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб киюіне байланысты сабаққа бармай жүрген оқушы қыздар туралы сауалға жауап берді. Онда БАҚ өкілдері министрден "Атырау облысында 150 қыздың мектепке бармай жүргені туралы нақты ақпарат бар. Өйткені, олар хиджабпен жүреді, кіргізбейді. Өзге өңірлер бойынша ақпарат бар ма?" деп сұраған еді.

"Мектеп балалардың сапалы білім мен тәрбие алуға арналғанын жақсы білесіздер. Сондықтан ата-аналар түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілді. Мендегі ақпаратқа сәйкес, басқа өңірлерде орамал тағатын оқушылар жоқ. Басында проблема болды. Бүгінде мәселе толығымен шешілді. Ата-аналар мектептің ең бірінші міндеті — сапалы білім мен тәрбие беру екендігін түсіне бастады. Бір-бірін шатастырып алмауға тиіспіз", — деді Ғани Бейсембаев.

Ұсынылатын