Saturday, 5 October,2024

Мектеп оқушыларының вальс билегенін сынға алған бас имам қызметінен қуылды

Алмас Абылай
Фото Gazeta.uz

Мектеп оқушыларының бітіру кешінде вальс билейтінін сынға алған бас имам қызметінен босатылған. Тіпті ол сөзінде өзге елге барып нәпақасын тауып жүрген азаматтарды да масқаралайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жағдай Өзбекстанда тіркелді. Gazeta.uz сайтының жазуынша, Ферғана облысы Ташлақ ауданының бас имамы Шукрулло Эгамбердиев қызметінен босатылған. Ол мектеп оқушылары мен өзге елден нәпақа іздеген тұрғындарды сынға алғаны үшін жұмыстан шығарылып отыр. Тіпті елдің мұсылмандар басқармасы имамның әрекеті әбестік, әдепке жатпайды деген шешім шығарған. Әрі өзге дін өкілдеріне сабақ болсын деп отыр.

Сайттағы мәліметке сүйенсек, бас имам алдымен мектептегі бітіру кешінде оқушылардың вальс билейтінін сынға алады. Әрі дәл осындай жағдай қыз балаларының болашағына зиянын тигізетініне тоқталған. Яғни сыныптасымен жабысып билеуі жеңіл істерге соқтыруы мүмкін екен.

Сондай-ақ ол өзге елде жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтарын да масқаралапты. Сөзінше ел ішінде жұмыс жоқ деп шетел асады. Содан Ресейде көше сыпырады, өз елінде сиырдың астын тазалаудан ұялғанымен, басқа мемлекетте шошқаның артын тазалайды деп айыптайды. Әрі қара жұмысқа таңыла бермей, білім жиып, елге пайдасы тиетін маман болу керек екенін айтады.

Осы сөздері үшін бас имам қызметімен қош айтысқан.

Ұсынылатын