Monday, 25 November,2024

"Мектеп пе, атқора ма?" Оқушылардың емтихан тапсырған орны жұртты шошытты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Емтихан тапсырған оқушылардың отырған орны жұрт назарына түсті. Қабырғасы сөгіліп, қираудың шақ алдында тұрған ғимарат мектептің спортзалына ұқсайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан оқушылардың емтихан тапсырып отырғанын байқайсыз. Бірақ бұл ғимараттың көрінісі жүрек ауыртады.

"Мынау мектеп пе, әлде ат қорама ? Осы мектептің директорына шара қолдану керек сияқты. Қай қалада , ауылма білмедім. Қазақстанда болса бұл, масқара! Ұялмай емтиханды қалай өткізіп жатыр", - деп жазылған бейнежазбаға.

Желідегі жұрт та бұл жағдайға шошып отыр. Тіпті тезірек назарға алып, шара қолдану керегін жазуда.

Ұсынылатын