Saturday, 5 October,2024

Мектепке оқушы қыздардың орамал тағып баруы дұрыс па? Діни басқарма анығын айтты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектепке оқушы қыздардың орамал тағып баруына байланысты нақты жауабын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Діни басқарма дерегіне сүйенсек, шариғат бойынша балиғат жасына толмаған қызға орамал тағу міндетті емес.

"Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз. Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ орамал тағу – ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылады. Бұл мәселе мүфтият қызметкерлерін де бейжай қалдырмайды", - делінген жазбада.

ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берген.

Ұсынылатын